Otpan News Logo

Қарақия ауданында жолаушы әйелден 136 келі бекіре тәркіленді

Қарақия ауданында жолаушы әйелден 136 келі бекіре тәркіленді

OTPANNEWS.KZ. – Заңсыз тасымалдау 5 қазанда профилактикалық іс-шара кезінде анықталған.


Полиция қызметкерлері құқық қорғау және уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп, көлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде жүксалғыштан бекіре тұқымдас 136,15 келі болатын 22 дана балық табылған. Полиция мәліметінше, балық көлікте болған 55 жастағы әйел жолаушыға тиесілі.


Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тәркіленген балықтың қайдан алынғаны және оның оқиғаға қатысты басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.


Полиция сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!