Otpan News Logo

G-TON бағдарламасына өтінім қабылдап жатыр: стартаптарға мүмкіндік

|
09.10.2026 11:25
G-TON бағдарламасына өтінім қабылдап жатыр: стартаптарға мүмкіндік

OTPANNEWS.KZ. - 2026 жылғы қыркүйекте G-TON бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды. Бұл бағдарламада дайын шешімі бар технологиялық стартаптар өңірлердің нақты мәселелерімен жүздеседі. Жолдардағы шұңқырлар, жүк терминалдарындағы кезектер, тұрақтардағы орын тапшылығы, коммуналдық ресурстар есебінің бытыраңқылығы: бес өңірдің әкімдігі 11 салада 47 нақты мәселені айқындады және енді цифрлық шешім ұсынуға дайын командаларды іздеуде. Өтінімдер 12 қазанға дейін қабылданады.


Стартаптар 2 ай ішінде өз шешімдерін Smart City бағыттарына сәйкес әкімдіктер өкілдерімен бірге жетілдіреді: топтық кездесулерде міндеттерді талдайды, борд-митингтерде трекермен жұмыс істейді, онлайн-семинарлар мен мастермайндтардан өтеді. Қорытындысында тиісті өңірлердегі IT-хабтар базасында Demo Day өтеді, онда стартаптар дайын цифрлық шешімдерін тікелей әкімдіктерге таныстырады.


Жобаларды ұсынған өңірлер: Шымкент қаласы, Абай облысы, Алматы, Қостанай және Маңғыстау облысы.


Қатысуға Қазақстанның кез келген өңірінен MVP және одан жоғары сатыдағы дайын өнімі бар технологиялық стартаптар шақырылады. Қатысушылардың жасы 18-де немесе одан жоғары болуы тиіс. Бағдарламаға қатысу тегін.


Өңірлер бойынша және салалар бойынша 47 міндеттің толық тізімі (цифрландыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, логистика, көлік, инфрақұрылым, білім беру, туризм, экология, энергетика, қауіпсіздік, жер қатынастары) бағдарлама сайтындағы «Өңірлер міндеттері» бөлімінде қолжетімді. Өтінімді сол жерден 12 қазанды қоса алғанға дейін беруге болады.


Бағдарлама сайты: https://astanahub.com/ru/l/GTON









53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!