Otpan News Logo

Маңғыстауда ерекше жандар арасында «Сырлы әлем» шығармашылық байқауы өтті

|
09.10.2026 14:49
Маңғыстауда ерекше жандар арасында «Сырлы әлем» шығармашылық байқауы өтті

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дәстүрлі «Сырлы әлем» облыстық шығармашылық байқауы өтті.


20 жылдан астам тарихы бар байқауға биыл облыстағы аудан-қалалардағы қоғамдық ұйымдар мен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынан 96 өнерпаз қатысты.


Байқауға қатысушылар ән, аспаптық орындау, хореография, бейнелеу өнері және қолөнер бағыттары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.


«Іс-шараның негізгі мақсаты – өнерпаздардың шығармашылық қабілетін қолдау, талантын таныту және олардың мәдени өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беру. Байқау барысында қатысушылардың өнері мен еңбегіне ерекше мән беріліп, тең мүмкіндік, құрмет пен қолдау құндылықтары дәріптелді»,- дейді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мамандары. 


Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Сырлы әлем» байқауы ерекше жандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және олардың өнерін көпшілікке танытуға бағытталған маңызды мәдени жобалардың бірі.

28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!