Otpan News Logo

Шетпеде құқықтық-профилактикалық керуен өтеді

|
05.10.2026 09:13
Шетпеде құқықтық-профилактикалық керуен өтеді

OTPANNEWS.KZ - 5 қазан күні сағат 12:00-де Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық-профилактикалық керуеннің кездесуі өтеді.


Кездесудің негізгі мақсаты - тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру.


Іс-шара барысында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, қоғамдық сектордың және тиісті сала мамандарының өкілдері тұрғындармен ашық форматта кездесіп, азаматтарды толғандырған мәселелер бойынша құқықтық кеңес пен нақты түсіндірмелер береді.


Шетпе тұрғындары мамандарға өз сұрақтарын тікелей қойып, заң талаптарына қатысты ақпарат алуға, сондай-ақ жеке мәселелері бойынша консультация алуға мүмкіндік алады.


Өтетін орны: «Промзона» шағынауданы, Шетпе ауылы


Ұйымдастырушылар Шетпе тұрғындарын кездесуге белсенді қатысуға шақырады.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!