
Конституцияның 30 жылдығына орай Жаңаөзен қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен Жастар орталығында «Конституциялық Quiz» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін кеңінен насихаттау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Куизде қатысушыларға еліміздің Ата заңына қатысты сұрақтар қойылып, тарихи деректер мен құқықтық нормалар төңірегінде пікірталас жүргізілді. Осындай ойын түріндегі іс-шаралар жастардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, олардың құқықтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан жастарға қала прокурорының атынан алғыс хаттар табысталып, олардың азаматтық белсенділігі мен құқықтық білімге деген ынтасы жоғары бағаланды.
