Ақтауда жаңа мектеп аумағында абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Нұргүл Алясова
|
15:04, 21 тамыз 2025

Ақтау қаласының 20-шағын ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан №34 мектептің аумағы абаттандырылып жатыр. Қазіргі уақытта оқу орнына іргелес жатқан 3 шақырым аумаққа асфальт төселуде, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жоспарға сәйкес мектеп маңында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен жиек тастары (бордюрлер) орнатылып жатыр. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқталады деп күтіліп отыр.
- Асфальт төсеу және өзге де сыртқы жұмыстарды биылғы жаңа оқу жылына дейін толық аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Еркінбек Жауқан.
Айта кету керек, абаттандыру жұмыстары алдымен №34 мектептің айналасынан бастау алды. Алдағы уақытта аталған шағын ауданның өзге де жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ