Ақтауда 39-шағын аудандағы тұрғын үй ауласынан 20 тонна қоқыс шығарылды
Гүлмира Аманжолқызы
|
15:05, 20 тамыз 2025

Ақтау қаласы 39-шағын аудан, 12-үй ауласында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстары барысында тұрғын үй аумағында жиналған ірі көлемді қоқыс қалдықтары шығарылды, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тазалық жұмыстарына 40 қызметкер және 3 арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 20 тонна қоқыс шығарылды.
Қала тұрғындары мен қонақтарын және кәсіпкерлерді қаламыздың тазалығын сақтауға, санитарлық жағдайын жақсартуға бірлесе үлес қосуға шақырамыз, – деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Әсет Баспаев.

Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ