Маңғыстауда ірі газ өңдеу зауыттарының құрылысы жүріп жатыр
Ақмарал Берекет
|
12:16, 21 тамыз 2025

Фото: Үкімет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында атап өткендей, газ саласында қуаттылықты арттыру және тасымалдау бағыттарын әртараптандыру – еліміздің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта Үкімет халық пен экономиканы тұрақты газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды otpannews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, бүгінде «Газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ресурстық базаны кеңейту және қайта өңдеуді дамыту басты назарда.
– Рожковское, Шығыс Өріктау және Анабай жаңа кен орындары өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Сонымен қатар Қашаған мен Қарашығанақта, сондай-ақ Жаңаөзен қаласында ірі газ өңдеу зауыттарының құрылысы жүріп жатыр. Қашағандағы қуаттылығы жылына 1 млрд м³ газ өңдеу зауытының құрылысы 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Бұдан бөлек биыл мамыр айында «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысы басталды. Бұл еліміздің газ тасымалдау жүйесін айтарлықтай нығайтады», – деді министр.

Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ