Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Ақтауда ата-аналар білім саласындағы олқылықтарға шағымданды
Нұргүл Алясова
|
14:55, 20 тамыз 2025
ашық деректерден

Ақтауда балабақшаны бітірген балалардың ата-аналары білім саласындағы олқылықтарға қатысты шағымын жеткізді. Олар бес жасында балабақшаны аяқтаған балаларын қайда жіберерін білмей жүр. Қалада мектепалды даярлық сыныптары жетіспейді, ал бірінші сыныпқа жіберуге әлі ерте, деп хабарлайды otpannews.kz.


«Баламды бес жаста балабақшадан шығарды, нөлінші сыныпқа барыңдар деді. Құжат тапсыруға келгенде, «балаңыз 2019 жылы туған, сондықтан тек бірінші сыныпқа қабылдаймыз» деп отыр. Бірақ баламның туған күні 30 желтоқсан, яғни ол әлі - 5 жаста. Бес жастағы бала қалай бірінші сыныпқа барады? Бірінші сыныпқа бала 7 жаста дайын болады,» — дейді Ақтаудың тұрғыны.


Мұндай жағдаймен кездесіп жатқан ата-ана көп. Кейбіреулері баланың физикалық және психологиялық тұрғыдан мектепке дайын болмауына, оқу бағдарламалары мен жүктемелер ауыр болатынына қарамастан баланы бірінші сыныпқа беріп жатыр. Тағы басқалары мемлекеттік мектептерден нөлінші сыныптарды іздеп жатыр, енді бірі жеке дамыту орталықтарының ақылы сыныптарына жазылған. 


Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығының 2 бөлімінің 9 тармағына сәйкес бастапқы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары алты жасқа толған немесе сол жылы толатын барлық балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.


«0 және 1 сыныпқа қабылдау ата-аналардың өтініші бойынша жүргізіледі. Ақтауда 17 мемлекеттік білім беру ұйымында мектепте дейінгі дайындық сыныбы ашылады. Биыл қалада 1265 бала балабақшаны аяқтады. Балалар мектеп жасына жеткенде балабақшадан шығарылады, себебі оларға қосымша қаржыландыру қарастырылмаған. Мектепке немесе дайындық сыныбына бару ата-аналардың немесе заңды өкілдердің шешіміне байланысты», — деп хабарлады Ақтау қаласының білім бөлімі.
46
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!