Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Мұнайлыда көлік жүргізу құқығынан айырылған азамат көлік тізгіндеген
Ақмарал Берекет
|
09:34, 21 тамыз 2025
Фото: polisia.kz

20 тамызда Мұнайлы ауданында рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралын басқару құқығынан бұрын сот шешімімен айырылған азаматтың қайтадан көлік жүргізгенін анықтады, деп хабарлайды otpannews.kz аудандық полиция бөліміне сілтеме жасап.


Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс құжаттары заңды шешім қабылдау үшін Мұнайлы аудандық сотына жолданды.


Құқық қорғау органдары көлік жүргізу құқығынан айырылған азаматтардың рөлге отыруы жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Мұндай заңбұзушылықтар қоғамдық қауіпсіздікке қатерлі әрі қатаң бақылауда болады.

42
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!