Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Ақтауда кәсіпкерлерге арналған этномедиация тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Гүлмира Аманжолқызы
|
11:24, 20 тамыз 2025

Ақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай кәсіпкерлерге арналған «Этномедиацияны жүзеге асыру – уақыт талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысы ҚХА этномедиаторлары, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, мәслихат депутаттары, этномедиаторлар, Ассамблея құрылымдары, сондай-ақ өңірдегі ірі сауда және қоғамдық тамақтандыру орындарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Дөңгелек үстелге облыстық мәслихат және этномедиация кеңесінің төрағасы Жаңбырбай Матаев төрағалық етіп, этномедиацияның қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтаудағы рөліне тоқталды. 


Ел Президенті ҚХА-ның ХХХІV сессиясында атап өткендей, этномедиация – қоғам бірлігін нығайтудың маңызды құралы. Сондықтан баршамыз ел тыныштығын сақтау жолында бірлесе қызмет етуіміз қажет, – деді Жаңбырбай Матаев.


Басқосу барысында кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары да таныстырылды. 


Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының өкілі Гүлнара Джолдыбаева кәсіпкерлікті дамытудың қаржылық емес құралдары туралы баяндаса, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім басшысы Айгерім Габбасова бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндірді.


«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Магомед Чучаев этномедиацияның маңыздылығына тоқталды.


Этномедиация – бұл қоғамдағы келісім мен татулықты сақтаудың тиімді құралы. Әсіресе кәсіпкерлер үшін әртүрлі ұлт өкілдерімен тіл табысып, туындаған дауларды бейбіт жолмен шешу өте маңызды. Сондықтан этномедиаторлардың еңбегін күшейтіп, олардың тәжірибесін кеңінен пайдалану қажет, - деді Магомед Чучаев.


Айта кетейік, іс-шараның екінші бөлімінде этномедиация кеңесінің мүшелері этномәдени бірлестіктерге бекітіліп, алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары нақтыланды.

49
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!