Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы 30 пайызға арзандайды
Гүлмира Аманжолқызы
|
09:07, 21 тамыз 2025

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы 30 пайызға арзандайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Оның айтуынша, Мемлекет басшысының 2029 жылға дейін отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін 50 пайызға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін нақты шаралар қолға алынған. Алдымен препараттарға қойылатын ең жоғары бағаны есептеу тәртібі қайта қаралып, артық шығындар қысқартылады. Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен МӘМС аясындағы дәрілердің шекті бағасы 19 пайызға, ал көтерме және бөлшек саудадағы бағалар 30 пайызға дейін арзандайды деп жоспарланды.


Онкологиялық, жүрек қан тамырлары ауруларын ерте анықтауға арналған скринигтердің жаңа түрлері енгізілуде. Сондай-ақ мидағы қан айналымы бұзылуын ерте анықтау үшін 50 жастан асқан ер азаматтарымызға жаңа скриниг түрі енгізіледі. Әлеуметтік мәні бар ауруларға күдік туған жағдайда тексерулер тегін болады, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
42
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!