Нұрсұлтан Тұяқбаев: Ұлтаралық достықты нығайтатын жобаларды көбейту қажет
Гүлмира Аманжолқызы
|
12:01, 21 тамыз 2025

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жастар ұйымы ел бірлігін нығайтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асырып келеді. Әрбір ұйымдастырылған жоба жастар арасындағы өзара достықты арттырып қана қоймай, түрлі этнос өкілдерін жақындастырады. Маңғыстау облысы бойынша Ассамблея жастарының өкілдігі төрағасы Нұрсұлтан Тұяқбаев осындай бастамаларды жиі ұйымдастырып, көбейту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Біз үшін ең маңыздысы – жастар арасындағы өзара байланысты арттыру. Әр этнос өкілінің мәдениеті мен дәстүрін танып, құрметтеу арқылы достықты одан әрі нығайта аламыз. Сондықтан экологияға қатысты шаралардан бастап, түрлі мәдени және спорттық жобаларға дейін ұйымдастырып келеміз. Осындай кездесулерде жастар бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ құндылықтармен танысады, - дейді ол.
Нұрсұлтан Тұяқбаевтың айтуынша, Ассамблея жастарының бастамалары тек ресми шаралармен шектелмейді. Олар қайырымдылық акцияларына белсене қатысады. Мұның бәрі жастардың жауапкершілігін ғана емес, туған жерге деген сүйіспеншілікті де арттырады.
Әр шараның негізгі мақсаты – этностардың бірлігін қамтамасыз ету. Біз ұйымдастыратын іс-шаралар көпұлтты Қазақстанның татулығын айқындайтын бір тетік іспеттес. Сол арқылы жастардың бойында достыққа, ынтымаққа, патриоттыққа деген сезім қалыптасады, - деп түйіндеді Ассамблея жастарының өкілдігі төрағасы.

Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ