Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Бүгін Маңғыстауда аптап ыстық болады
Ақмарал Берекет
|
10:56, 21 тамыз 2025

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 21 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде, соның ішінде Маңғыстау облысында да дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды otpannews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атап айтқанда, Маңғыстау облысында ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Сондай-ақ Алматы облысында да осындай аптап күтілуде.


Бұдан бөлек еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ пен тұман түседі, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшеюі мүмкін. Ал оңтүстік пен батыс өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады.


Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ашық отты пайдаланбауға, найзағай кезінде қауіпсіз жерді паналауға, қатты желде сақтық шараларын қатаң сақтауға және жолда абай болуға кеңес береді. Кез келген төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласуға болады.

55
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!