Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Ақтауда 7 шағынаудан тұрғындары үйінің ауласын жасыл желекке айналдырды
Гүлмира Аманжолқызы
|
17:39, 20 тамыз 2025

Ақтау қаласы әкімдігінің «Үлгілі аула» айдары 7-шағынаудан 11, 12 және 20-үйлерінде болды. Тұрғындар ауызбіршілік танытып, үйлерінің ауласын жасыл желекке ораған, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тұрғындардың бастамасымен аулада гүлдер отырғызылып, сәндік қоршаулар орнатылған. Әр кіреберіс алды түрлі түсті гүлдермен көмкеріліп, аулада космея мен раушан гүлдері ерекше сән беріп тұр. Сондай-ақ тұрғындар құстарға ұя жасап, табиғатқа жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.


Аулада тазалық та қатаң сақталады. Бұл бастама балаларға тәрбие беріп қана қоймай, көпқабатты үй тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналған.


Тұрғындар мұндай көрікті орта – ең алдымен ауызбірліктің жемісі екенін айтады. Алдағы уақытта да бірлесе еңбек етіп, қаланың ажарын арттыруға үлес қоса бермек.

56
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!