Жаңаөзенде халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің концерті өтті
Жаңаөзендегі Мұнайшы мәдениет үйінде «Біздің VIBE» жобасы аясында халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің «Саундтрек: Әлем әуендері» атты концерті өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Кеш барысында ұлтымыздың музыкалық аспаптары арқылы әлемге танымал кинофильмдердің саундтректері орындалды. Дәстүр мен заманауи өнер тоғысқан кешке келгендер қарасы көп болды.
«Әлемге танымал саундтректер қазақтың ұлттық аспаптарының үнімен жаңа бояуға ие болды. Дәстүр мен заманауи музыканың үйлесімі көрерменге ерекше әсер сыйлап, әрбір орындалған шығарма ыстық ықылас пен зор қошеметке бөленді. Осындай ерекше кештің куәсі болған барша көрерменге алғысымызды білдіреміз!» - деді “Өнер”МКҚК директоры Өркен Туебаев.
57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев