Бекзат Жүсіп Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне кірісті
Ақтау әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бекзат Жүсіп жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды жариялап, бір жыл бойы атқарған жұмысының өзі үшін үлкен тәжірибе болғанын атап өтті.
«Ақтау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінен келесі кезеңге аяқ бастым. Мен үшін туған қаламда еңбек ету мол әрі маңызды тәжірибе болды. Қолымнан келгенше міндетімді мүлтіксіз атқаруға тырыстым. Осы ретте әуел баста сенім білдірген аймақ басшысы Нұрдәулет Игілікұлына, шаһар әкімі Әбілқайыр Жаңайұлына алғысымды айтамын. Қоян-қолтық жұмыс істеген әріптестеріме рақмет. Алысқа ұзамадым. Әрі қарай қызметімді Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі ретінде жалғастырамын», - деді Бекзат Жүсіп.
Айта кетейік, Бекзат Жүсіп Ақтау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне 2025 жылдың шілде айында тағайындалған болатын.
Еңбек жолын журналист ретінде бастаған ол әр жылдары «КТК» және «Хабар» телеарналарында жұмыс істеді. Кейін Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы, "Маңғыстау" телеарнасының директоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылық меңгерушісі орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, сондай-ақ «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.