Otpan News Logo

Риза Сүйіндік: "Жаңа Конституция - ел болашағы мен әділдіктің кепілі"

Риза Сүйіндік: "Жаңа Конституция - ел болашағы мен әділдіктің кепілі"
ашық дереккөзден

Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Риза Сүйіндік елімізде жаңа Конституцияның ресми түрде күшіне енуіне байланысты өз пікірін білдіріп, қала тұрғындары мен барша қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Депутат өз сөзінде Ата Заңның кез келген мемлекет үшін орны бөлек екенін және ондағы реформалар ел дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті.


«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Себебі жаңа Конституция ресми түрде күшіне енді. Конституция - кез келген мемлекеттің негізгі заңы. Сондықтан ондағы өзгерістердің әрқайсысы елдің болашағына әсер етеді. Халық өз таңдауын референдум арқылы жасады. Енді осы Конституцияда көрсетілген қағидалар күнделікті өмірде нақты жүзеге асса екен деген тілек бар. Депутат ретінде мен үшін ең маңыздысы - халықтың құқығы қорғалып, әділдік пен ашықтықтың күшеюі. Әрбір азамат осы өзгерістердің оң нәтижесін сезінуі керек. Сонда ғана бұл реформалардың нақты пайдасын көреміз деп ойлаймын. Барша қазақстандықтарды осы тарихи күнмен құттықтаймын. Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын», - деді Риза Сүйіндік
59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!