Otpan News Logo

ӘЧ-2026: Англия және Бельгия құрамалары 1/8 финалға жолдама алды

|
02.07.2026 09:42
ӘЧ-2026: Англия және Бельгия құрамалары 1/8 финалға жолдама алды
Фото: Getty Images

Футболдан әлем чемпионатында Англия мен Бельгия құрамалары 1/8 финалға шықты, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Бельгия құрамасы Сенегалмен өткен тартысты кездесуде 0:2 есебінен камбэк жасап, қосымша уақытта 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бельгиялықтардың сапында Ромелу Лукаку бір гол соқса, Юри Тилеманс дубль авторы атанды. Сенегал 86-минутқа дейін екі доп айырмасымен алда болғанымен, Бельгия қысқа уақыт ішінде таразы басын теңестіріп, матчтың соңында VAR көмегімен белгіленген пенальтиді сәтті орындап, жеңісті жұлып әкетті.

 

Бұл жеңістен кейін Бельгия өз тарихындағы ең ұзақ жеңіліссіз серияларының бірін жалғастырды. Команда соңғы 17 матчта жеңілмей, оның 11-інде жеңіске жетіп, алтауында тең түсті. 1/8 финалда бельгиялықтар АҚШ құрамасымен кездеседі.

 

Ал Англия құрамасы Конго ДР 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Кездесудің 7-минутында есепте артта қалған англиялықтар екінші таймда қарқынын күшейтіп, шабуылшы Гарри Кейннің дублінің арқасында маңызды жеңіске қол жеткізді. Осылайша команда топтық кезеңді сәтті аяқтап, плей-оффқа сенімді өтті.

 

Англия құрамасы бас бапкер Томас Тухель жетекшілігімен тұрақты ойын өрнегін көрсетіп келеді. Оның басшылығымен өткен 12 матчтың 11-інде жеңіске жеткен ағылшындар енді 1/8 финалда Мексика құрамасымен кездеседі. Әлем чемпионатының плей-офф ойындары 4-7 шілде аралығында өтеді.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!