Otpan News Logo

«Әділет» партиясы облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

 «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында конференция өтті. Іс-шара барысында филиал басшысы, Саяси кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Конференцияның күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция - Жаңа дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сонымен қатар қатысушылар облыстық филиалдың басшылық құрамын қалыптастыру мәселесін қарастырды.


Ашық дауыс беру нәтижесінде партияның облыстық филиалының басшысы болып Имаммахмұт Мұхитұлы Шағырбаев сайланды. Филиал басшысының мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси салада көп жылдық тәжірибесі бар. Жаңа басшы өз қызметінде филиалдың жұмысын үйлестіріп, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды, азаматтармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететінін атап өтті.


Облыстық партия филиалының Саяси кеңес құрамына өңірдің шағын және орта бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, өнеркәсіп, үкіметтік емес ұйымдар және экономиканың өзге де салаларының өкілдері енді. Бұл құрам өңірдің қоғамдық-саяси өмірі мен әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі бағыттарын қамтиды. 


Өңірлік партия филиалының Бақылау-тексеру комиссиясының құрамына кәсіпкерлік, экономика, бухгалтерлік есеп және IT бағыттарында тәжірибесі мол мамандар сайланды. Комиссия партия қызметінің ашықтығы мен ішкі бақылау тетіктерінің тиімділігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізеді. 


Облыстық филиалдың басшылық органдарын қалыптастыру арқылы «Әділет» партиясының өңірлік құрылымын ұйымдастыру кезеңі толық аяқталды. Алдағы уақытта филиал өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізуге, партияның бағдарламалық бастамаларын іске асыруға, сарапшылар қауымдастығымен, кәсіпкерлермен және азаматтық қоғам институттарымен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға кіріседі.

254
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!