Otpan News Logo

Жаңаөзенде қазақ күресінен облыстық чемпионаттың ашылуы өтті

|
04.10.2026 22:32
Жаңаөзенде қазақ күресінен облыстық чемпионаттың ашылуы өтті

Жаңаөзен қаласында 2012–2013 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу бойынша қазақ күресінен Маңғыстау облысының чемпионаты басталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


3–4 қазан күндері өтетін жарысқа Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған, Бейнеу, Мұнайлы аудандары мен Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан 250 спортшы қатысып отыр. Чемпионат Жаңаөзен қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өтуде.


Жарыс барысында жас спортшылар өзара бақ сынап, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеледі.

16
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!