«Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегерлері анықталды
Маңғыстау облысының педагогтерін көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу жөніндегі конкурс қорытындыланды. Нәтижесінде «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне лайық деп танылған 12 педагог анықталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, комиссия отырысында үміткерлердің құжаттары Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №95 қаулысымен бекітілген талаптар мен критерийлерге сәйкес қаралған.
Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 12 аталымның жеңімпаздары анықталды.
2026 жылғы төсбелгі иегерлері:
1. Үздік әдістемені ұсынушы Гулбану Сармурзина – Ақтау қаласы, №13 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі;
2. Ұлттық дәстүрді үздік насихаттаушы Гулнара Енбаева – Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко мектеп-лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі;
3. Үздік цифрлық технологияларды қолданушы Замзагул Ауелбаева – Ақтау қаласы, Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі;
4. Орта білім беру ұйымдарының үздік дарынды балалар жетекшісі Акмаржан Рубилова – Ақтау қаласы, Төлеген Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі;
5. Үздік жетістіктер шебері Оразбай Куанишов – Жаңаөзен қаласы, №22 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі;
6. Орта білім беру ұйымдарындағы үздік полиглот мұғалім Альбек Бакаев – Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі;
7. Үздік сынып жетекшісі Далухан Мынжанова – Ақтау қаласы, №31 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі;
8. Үздік қосымша білім беру мұғалімі Азима Байкубекова – Мұнайлы ауданы, Өнер балалар мектебінің домбыра пәнінің қосымша білім педагогі;
9. Мектепке дейінгі ұйымдардың үздік педагогі Алима Кобланова – Ақтау қаласы, №46 Балбұлақ бөбекжайының әдіскері;
10. Үздік арнайы білім беру ұйымдарының педагогі Гауһар Жолдыбаева – Ақтау қаласы, Облыстық арнайы мектеп-интернатының дефектологі;
11. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының үздік арнайы пән оқытушысы Айнагул Абилшеева – Ақтау қаласы, Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы;
12. Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың үздік өндірістік оқыту шебері Гульзира Ерданова – Қарақия ауданы, Қарақия кәсіптік колледжінің өндірістік оқыту шебері.