Маңғыстау облысында 145 грамға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді
OTPANNEWS.KZ- 30 қыркүйек күні республикалық «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Маңғыстау облысы полициясының қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен және басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп, синтетикалық есірткі заттарының заңсыз айналымы дерегінің жолын кесті.
Мұнайлы ауданында, Маңғыстау-3 ауылының маңында құқық қорғау органдарының қызметкерлері салонында үш әйел болған Mitsubishi автокөлігін тоқтатты. Жедел іс-шаралар барысында олардың бірінен синтетикалық есірткі болуы мүмкін заттар, сондай-ақ құтыдағы сұйықтық табылды.
Сонымен қатар іргелес аумақты тексеру кезінде синтетикалық текті зат болуы мүмкін орама анықталды.
Одан әрі жүргізілген тергеу іс-шаралары барысында күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен есірткі заттарын тұтынуға арналған заттар, сондай-ақ 19 zip-lock пакет табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген α-PVP синтетикалық есірткі затының жалпы салмағы 144,86 грамды құрады.
Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайларын және басқа да ықтимал қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті есірткі заттарының заңсыз айналымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.