Otpan News Logo

Мақсат Мұқаш қаланы абаттандыру жобаларымен танысты

|
04.10.2026 12:33
Мақсат Мұқаш қаланы абаттандыру жобаларымен танысты

OTPANNEWS.KZ- Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш теңіз жағалауын абаттандыру жобасымен танысты. Нысан басында мердігер мекеме өкілі жобаны таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.


Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша, Солтүстік Каспий консорциумының (NCOC) қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан жоба екі кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда 7А-шағын аудандағы «I Love Aktau» инсталляциясынан бастап «Жартасты соқпаққа» дейінгі ұзындығы 4,5 шақырым жағалау аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында серуендеу аллеялары, велосипед және жүгіру жолдары, пирстер, бақылау алаңдары мен демалыс аймақтарын салу көзделген. Жобаны 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланған.


Бұдан кейін қала әкімі «Ақбота» саябағын кешенді абаттандыру жобасымен танысты. NCOC компаниясының демеушілігімен жүзеге асырылып жатқан жоба аясында 107 мың шаршы метрден астам аумақта заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыру жоспарланған.


Жоба бойынша балалар ойын алаңдары, спорттық аймақтар, скейт-парк, серуендеу жолдары мен демалыс орындары жасақталып, құрғақ субұрқақ орнатылады. Сонымен қатар аумақ көгалдандырылып, заманауи жарықтандыру жүйесімен жабдықталады. Қазіргі уақытта құрылыс алаңы толық қоршалып, демонтаж жұмыстары жүргізілуде.


Қала әкімі саябақ аумағындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу мақсатында ірі ойын нысандарын жедел алып тастауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету жөнінде жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.


– Алдағы уақытта қала тұрғындарына серуендеп, демалуға арналған сапалы әрі заманауи қоғамдық кеңістіктер ұсынуымыз керек. Құрылыс жұмыстарына кедергі келтіріп тұрған ойын карусельдері мен өзге де нысандардың иелеріне бүгіннен қалдырмай хабарлама беріңіздер. Егер бір ай ішінде өздері алып тастамаса, заң аясында мәжбүрлі түрде бұзу шараларын қабылдаңыздар, – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.
19
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!