Азия ойындары: Қазақстан дзюдо құрамасы аралас командалық сында финалға шықты
Фото: ҚР ҰОК
OTPANNEWS.KZ - Қазақстан құрамасы дзюдодан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында бақ сынайды.
Отандастарымыз аралас командалық бәсекенің жартылай финалында Оңтүстік Кореяны 4:3 есебімен жеңді. Ұлттық құрамаға жеңіс ұпайын Аида Тойшыбекова әкелді.
Осылайша қазақстандықтар Азиаданың финалында Жапония құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салады.
Айта кетейік, отандық татами шеберлері іріктеу кезеңінде Қырғызстан құрамасын айқын басымдықпен жеңді.
Сондай-ақ, жекелей сында 4 дзюдошы күміс, тағы біреуі қола жүлдеге қол жеткізген еді.
47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев