Ақтауда мас күйде көлік айдаған тұрғын қамауға алынды
ЖИ иллюстрациясы
OTPANNEWS.KZ- Оқиға 1 қазан күні таңғы сағат 04:34-те болған. Патрульдік полиция қызметкерлері 32А шағын ауданында Ford маркалы автокөлігін тоқтатқан.
“Тексеру барысында 32 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны ішкілікті масаң күйде болған деген күдікке ілінді.
Медициналық сараптама алкогольдік масаңдықты растады. Жүргізуші полиция басқармасына жеткізіліп, автокөлігі арнайы айыптұраққа қойылды”, деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.
18
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев