Әлем чемпионаты: Шерзод Давлатов финалға шықты
БАКУ. OTPANNEWS.KZ - Дзюдодан Әзірбайжан астанасы Бакуде басталған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Шерзод Давлатов финалға жолдама алды. Бұл туралы Otpannews.kz тілшісі арнайы Бакуден хабарлайды.
60 келіде күрескен Давлатов шешуші сында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, 2025 жылғы әлем чемпионы, жапониялық Рюджи Нагаяманы қосымша уақытта юко ұпайымен жеңді.
Енді отандасымыз әлем чемпионы атану үшін әзірбайжандық Ахмад Юсуповпен сынға түседі.
Бүгінгі іріктеу бәсекелерінде Шерзод Давлатов Тәжікстан және Бурунди дзюдошыларын жеңсе, 1/8 финалда Бразилия балуаны Мишель Аугустодан айласын асырды. Ал ширек финалда франциялық Ромен Валадье-Пикардан мықты екенін татамиде дәлелдей алды.
Өкінішке қарай, аталған салмақта күрескен Аман Бақытжан (60 кг), Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева (екеуі де 48 кг) іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жүлде үшін күресу мүмкіндігінен айырылды.