Ақтауда санитариялық-эпидемиологиялық сала басшыларының бірі ұсталды
АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – Ақтауда ҰҚК департаментінің қызметкерлері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы басшылардың бірін ұстағанын мәлімдеді.
Алдын ала белгілі болған мәлімет бойынша, лауазымды тұлға өз сыбайластарымен бірге қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде заңсыз ақша қаражатын алып келген деген күдікке ілініп отыр.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен бұл іске қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр. Бұған қатысты ресми ақпарат толық нақтыланғаннан кейін хабарланбақ.
20
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев