Otpan News Logo

Жаңаөзенде «Бақытсыз Жамал» пластикалық трагедиясының премьерасы өтті

|
16.07.2026 10:47
Жаңаөзенде «Бақытсыз Жамал» пластикалық трагедиясының премьерасы өтті

Жаңаөзен қаласында жаңа форматтағы өнер туындысы – Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы желісі бойынша сахналанған пластикалық трагедияның премьерасы өтті. «Мұнайшы» мәдениет үйінің «Кейіпкер» студиясы дайындаған бұл қойылым көрерменге ерекше әсер сыйлады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Классикалық шығарманы сахналық пластика, дене қимылы мен эмоция тілі арқылы баяндау – қазақ сахнасы үшін тың шешім. Режиссер Жоламан Жанабаевтың жетекшілігімен ұжым әйел теңсіздігі, қоғамдағы қайшылықтар мен адам еркіндігі мәселелерін тереңінен ашып көрсетті. Ерекше сахналық шешіммен қойылған туынды көрерменнің зор ықыласына бөленді.


Спектакльде басты рөлдерді Мадина Сатым, Асия Төлепбергенова, Ләззат Ерубаева, Қосай Жүсіп, Рахат Халбаев, Берік Бақтыбайұлы және Азамат Амангелдіұлы сомдады. Сондай-ақ қойылымға көркемдік жетекші Инабат Тұрлан, қоюшы-хореограф Жайна Шарауова, костюм суретшісі Әсел Амангелді, декоратор Салыхат Қарасаев, жарық қоюшы Ақберген Туркеев, дыбыс операторы Нұрлан Гайсин және «Шұғыла» би ансамблі мен бірқатар әншілер қатысты.


- «Бақытсыз Жамал» – тек өткеннің мұңын шертетін шығарма емес, бүгінгі қоғамға да ой саларлық тағылымды туынды. Ұлттық әдебиетті жаңа сахналық тілде сөйлеткен бұл жоба қаламыздағы руханиятты дәріптеу жұмыстарының жарқын көрінісі болды,- деді «Өнер» МКҚК директоры Өркен Туебаев.
51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!