Otpan News Logo

2026 жылы Қазақстан Республикасында ересектердің темекіні тұтынуы

|
15.07.2026 11:55
2026 жылы Қазақстан Республикасында ересектердің темекіні тұтынуы

2026 жылдың қаңтарында Ұлттық статистика бюросы ересек тұрғындар арасында темекіні тұтыну туралы кезекті жыл сайынғы сауалнама жүргізді.


Сауалнама республиканың барлық облысын, сондай-ақ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қамтыды. Оған 15 жастан асқан 12 000 үй шаруашылығының бір мүшесі қатысты.


Нәтижелер көрсеткендей, зерттелген үй мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 15,1% темекі шегеді, 2025 жылмен (17,5%) салыстырғанда 2,4 п.т. төмен. Ауылдық жерлерде темекі тұтынатындардың үлесі - 17,8%, қалалық жерлерде 14,0%. Темекі тұтынатындар арасында ерлер 30,5%, ал әйелдер - 4,9% құрайды. Темекі тұтынатын халықтың жалпы санының 98,6% өнеркәсіпте шығарылған темекі түрін шегеді, 0,4% электронды темекілер, 0,9% «IQOS», «GLO» тәрізді темекіні қыздыру құрылғысын, 0,1% темекі өнімдерінің басқа түрлерін тұтынады.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!