Otpan News Logo

Маңғыстауда полиэтилен құбырларын өндіретін кәсіпорын табысты жұмыс істеуде

|
15.07.2026 15:38
Маңғыстауда полиэтилен құбырларын өндіретін кәсіпорын табысты жұмыс істеуде

Маңғыстау облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытындағы маңызды өндіріс орындарының бірі – «Поликомпозит» ЖШС полиэтиленнен төмен қысымды құбырлар өндірумен айналысады. Кәсіпорын өңірдің индустриялық әлеуетін арттыруға және құрылыс пен коммуналдық инфрақұрылым салаларын сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге үлес қосып келеді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


«Ақтау теңіз порты» АЭА баспасөз қызметінің мәліметінше, зауыт 2015 жылы іске қосылған. Өндіріс кәсіпорны СЭЗ-дің №3 субаймағында орналасқан және жалпы аумағы 5 гектарды құрайды. Жобаны жүзеге асыруға 1,1 млрд теңге инвестиция тартылған.


Кәсіпорынның негізгі қызметі – пластмасса бұйымдарын, оның ішінде полиэтилен құбырларын өндіру. Өндірістік қуаты жылына 3,1 мың тонна құбыр шығаруға мүмкіндік береді. Ақшалай мәнде өндіріс көлемі жылына 2,1 млрд теңгеге дейін жетеді.


Бүгінде кәсіпорында 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыт заманауи өндірістік жабдықтармен жарақтандырылған және ішкі нарықтың сұранысына сәйкес жоғары сапалы өнім шығаруды қамтамасыз етеді.


«Поликомпозит» ЖШС өңірдегі өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, импортты алмастыруға және отандық өнім көлемін арттыруға бағытталған маңызды кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорынның қызметі өңдеу өнеркәсібінің дамуына серпін беріп, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға қолайлы өндірістік орта қалыптастыруға ықпал етуде.

99
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!