Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
OTPANNEWS.KZ. - Санат Төкенов Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Санат Төкенов жоғары білімді. 1996 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Физика және еңбек пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Құланды орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1996–2000 жылдары Құланды орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі, 2000–2002 жылдары оқу ісінің меңгерушісі, 2002–2011 жылдары мектеп директоры қызметтерін атқарған.
2011–2023 жылдары Құланды ауылының әкімі лауазымында қызмет етті.
2023–2026 жылдары Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Айта кетейік, қала әкімінің жаңа орынбасары Санат Төкенов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және қала құрылысы салаларына жетекшілік ететін болады.