Ақтауда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді
OTPANNEWS.KZ – Ақтау қаласында әкімнің тапсырмасына сәйкес аумақтарды санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, «Жылы жағажай» аумағында, өндірістік аймаққа апаратын жол бойында және теңіз жағалауында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық шаралары аясында көшелер, қоғамдық орындар мен тұрғын үйлердің аулалары қоқыстан тазартылып, жиналған қалдықтар арнайы техникамен шығарылуда. Тазалық жұмыстарына 6 арнайы техника мен 100-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды.
Қала аумағының тазалығын сақтау және санитарлық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.
44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев