Otpan News Logo

Маңғыстаулық құтқарушы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

|
23.10.2026 19:17
Маңғыстаулық құтқарушы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Бекзат Кабисалимов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Марапат ҚР Президентінің Жарлығымен 25 қазан – Республика күніне орай ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен салтанатты жиында табысталды.


Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл марапат – құтқарушының ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы адал қызметі мен ерлігінің лайықты бағасы.


Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Бекзат Кабисалимовты жоғары марапатымен құттықтап, қызметіне табыс, отбасына амандық тілейді.


28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!