Otpan News Logo

Батыр ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды

|
23.10.2026 14:48
Батыр ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды

МАҢҒЫСТАУ. OTPANNEWS.KZ – Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтады.


Жаңа мәдениет ошағы ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттауға, тұрғындардың шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған. Мұнда түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп, ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасалған.


Салтанатты рәсімде облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұлттық өнерді өркендету мен кітап оқуға деген қызығушылықты арттырудың маңызын атап өтті.


«Мемлекет басшысы қазақ өнерін дамыту қажеттігін үнемі айтып келеді. Кітап оқуға да ерекше мән беріліп отыр. Жаңа мәдениет үйінде әдебиет бөлімі, кітапхана және түрлі үйірмелерге арналған бөлмелер қарастырылған. Маңғыстау – қазақ өнері өркендеген өңір. Осы жерде өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың арасынан ертең әлемдік сахнада ел мерейін асыратын азаматтар шықсын. Осы мәдениет ошағының бой көтеруіне атсалысып, ауыл тұрғындарына осындай игілікті нысанның тарту етілуіне үлес қосқан барша азаматқа алғысымды білдіремін. Қуаныштарыңыз құтты болсын!» – деді Нұрдәулет Қилыбай.


Мәдениет үйінде домбыра, гитара, би, вокал және көркем сурет үйірмелері жұмыс істейді. Олар ауыл балалары мен жастарының өнерге қызығушылығын арттырып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!