Otpan News Logo

Ақтауда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған форум өтеді

|
27.10.2026 14:49
Ақтауда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған форум өтеді

OTPANNEWS.KZ – 28 қазан күні Ақтау қаласында «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту: мүмкіндіктер мен жаңа бағыттар» атты форум өтеді. Іс-шара кәсіпкер әйелдерді қолдауға, олардың тәжірибе алмасуына және бизнесті дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктерді талқылауға бағытталған.


Форум аясында қатысушылар өздерінің кәсіпкерлік тәжірибелерімен бөлісіп, тың идеялармен танысады. Сондай-ақ бизнесті дамыту жолдары, жаңа бағыттар мен іскерлік мүмкіндіктер жөнінде пікір алмасады.


Іс-шараға кәсіпкер әйелдер, іскерлік орта өкілдері және жеке кәсібін ашуға ниетті азаматтар қатыса алады.


Форум 28 қазан күні сағат 10:00-де Ақтау қаласындағы «Хан Шахар» салтанат сарайында өтеді.


Ұйымдастырушылар кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан жандарды форумға қатысып, жаңа мүмкіндіктермен танысуға шақырады.

11
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!