Otpan News Logo

Мұнайлыда Республика күніне орай мерекелік жиын өтті

|
25.10.2026 12:59
Мұнайлыда Республика күніне орай мерекелік жиын өтті

OTPANNEWS.KZ – 25 қазан – Республика күніне орай Мұнайлы ауданында ұлттық мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті. 


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекелік жиында аудан әкімі Қанат Құлжанов жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, ұлттық мерекенің мән-маңызына тоқталды.


Аудан әкімі өз құттықтау сөзінде Республика күні – халқымыздың азаттыққа деген асыл арманы мен елдік мұратын айқындайтын, тәуелсіз мемлекет ретінде даму жолымызды айшықтайтын ерекше мереке екенін атап өтті. Сонымен қатар ел Президенті айқындаған стратегиялық бағыттарға сәйкес, мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы жұмыстардың маңыздылығына назар аударды.


Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына тоқталып, соңғы жылдары тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік нысандар салу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, жол-көлік қатынасын жақсарту және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.


Мерекелік іс-шарада сала мамандарына облыс және аудан әкімінің алғыс хаттары мен Құрмет грамотасы табысталды.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!