Жаңа Конституция - қоғамның тұрақты дамуының негізі
Жаңа Конституциялық реформалар білім беру, мәдениет және әлеуметтік салалардың дамуына ықпал ететін маңызды бағыттарды қамтиды. Білім алу мүмкіндігі, ұлттық мұраны сақтау, шығармашылық еркіндік пен жастарды қолдау – ел болашағы үшін маңызды мәселелер.
Білім мен ғылымды дамыту, жастардың заманауи дағдыларды меңгеруіне жағдай жасау және ұлттық құндылықтарды сақтау – қоғамның тұрақты дамуының негізі. Сонымен қатар, мәдени мұраны қорғау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақтың тарихи санасын арттыруда кітапханалардың орны ерекше. Ал жастардың шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету олардың жаңа идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Білімді ұрпақ тәрбиелеу мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу өзара тығыз байланысты. Сондықтан Конституциялық өзгерістердің мәнін түсініп, оның қоғам өміріндегі маңызын ұғыну әр азамат үшін өте маңызды.
Алмас Қожым,
Қ. Сыдиықов атындағы
облыстық әмбебап кітапхананың қызметкері