Өзіңізді қаржылық алаяқтықтан қорғай аласыз ба?
27 қарашада Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңір тұрғындарын қаржылық қауіпсіздік бойынша FinIQ 2026 республикалық диктантына қатысуға шақырады.
Диктантқа 6–11 сынып оқушылары, студенттер, жұмыс істейтін және жұмыссыз азаматтар, кәсіпкерлер, зейнеткерлер, сондай-ақ қаржылық мониторинг саласының мамандары қатыса алады.
Қалай қатысуға болады?
afm2026.kz сайтына кіріңіз.
Өз өңіріңізді және қатысушы санатын көрсетіп, тіркеліңіз. Жүйеге кіру құпиясөзі электрондық поштаңызға жіберіледі.
Қазақ немесе орыс тілін таңдап, диктантты бастаңыз.
Алаяқтық, дербес деректерді қорғау, несие және инвестиция тақырыптары бойынша 20 сұрақ.
Диктантты орындауға үзіліссіз 25 минут беріледі.
Қатысу тегін және онлайн форматта өтеді.
Үш мүмкіндік беріледі — ең үздік нәтиже есепке алынады.
Диктант қорытындысы бойынша электрондық сертификат беріледі.
Өз біліміңізді тексеріп, жақындарыңызбен ақпарат бөлісіңіз — қаржылық қауіпсіздік әрқайсымыз үшін маңызды!