Otpan News Logo

Ақтауда студенттерге зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

|
26.11.2026 16:30
Ақтауда студенттерге зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

OTPANNEWS.KZ. - Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Шаңырақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен студент жастарға арналған зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.


Кездесуге полиция аға лейтенанты, Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Аян Ержанова, Ақтау қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығының психологы Жансұлу Оралбайқызы қатысты.


Кездесу барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның түрлері, құқықтық жауапкершілік, психологиялық қолдау және қиын жағдайға тап болған кезде көмекке жүгіну жолдары түсіндірілді.


Шараның психологиялық бөлімінде студенттерге арналған түрлі жаттығулар мен интерактивті ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерін мазалаған қорқыныштары мен үрейлерін, арман-тілектерін ақ параққа жазып, оны ұшыру арқылы ішкі сезімдерін білдіруге мүмкіндік алды.


Сонымен қатар «Жасыл жалау» және «Қызыл жалау» жаттығулары арқылы қарым-қатынастағы жағымды және қауіпті белгілерді ажырату, жеке шекараны тану, зорлық-зомбылықтың алғашқы белгілерін байқау мәселелері талқыланды.


Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті ақпарат пен пайдалы кеңестер алды.


Зорлық-зомбылыққа бейжай қарамау – қауіпсіз қоғам қалыптастыруға қосылған әрқайсымыздың үлесіміз.


Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!


Қауіпсіз орта – ортақ жауапкершілік!

9
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!