Otpan News Logo

Маңғыстау облысында дзюдодан облыстық турнир өтті

|
07.11.2026 12:58
Маңғыстау облысында дзюдодан облыстық турнир өтті

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысында 2013–2014 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында «KYZYLTOBE OPEN» облыстық ашық турнирі өтті. Жарысқа облыстың аудандары мен қалаларынан, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттан командалар қатысып, жалпы 265 спортшы бақ сынады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


Турнирді Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. Додаға облыстың 5 ауданы мен 2 қаласынан келген командалар қатысты.


Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Қызылтөбе балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Селбай Өнербектің айтуынша, мұндай жарыстар жас спортшылардың алдағы ел чемпионаттары мен республикалық жарыстарға  үлкен тәжірибе береді.


-Турнирге облысымыздың 5 ауданы мен 2 қаласынан 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Мұндай үлкен жарыстардың жас дзюдошылар үшін маңызы зор. Себебі олар өзара бақ сынап, қарсыластарымен белдесу арқылы тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибе алдағы ел чемпионаттары мен республикалық жарыстарға үлкее тәжірибе.Сондықтан осындай жарыстар спортшылардың шеберлігін шыңдап, үлкен додаларға дайындығын арттыруға мүмкіндік береді, – деді Селбай Өнербек.


Турнир қорытындысы бойынша 9 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Командалық есепте 1-орынды Маңғыстау ауданы  «Бірлік» спорт клубы иеленді. 2- орынды Маңғыстау облыстық дарынды балалар спорт мектебі, 3-орынды «Шоғы батыр» спорт мектебі иеленді.

4
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!