Атамекенде салынып жатқан су сорғы станциясының құрылысы аяқталуға жақын
OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров Мұнайлы ауданына жұмыс сапарымен келіп, инфрақұрылымдық нысандарды аралап, атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.
Жұмыс сапары барысында аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, су құбыры желілерін дамыту және өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Жиын барысында Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов ауданның ауыз сумен қамту бағытындағы өзекті мәселелерін атап өтіп, оларды шешу бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Алғашқы нысан – Басқұдық ауылында орналасқан 110/6 кВ бас қосалқы станциясының құрылысы. Нысан «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ тапсырысымен салынуда. Мердігер мекеме – «Ақбекет» ЖШС.
Екінші нысан – Атамекен ауылдық округінде салынып жатқан су сорғы станциясы. Мердігер мекеме – «Yasira Group» ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының орындалу деңгейі 95 пайызды құрайды.
Аталған нысандардың құрылысы ауданның инженерлік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындарды тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.