Otpan News Logo

«SANALY URPAQ»: Ақтауда студенттер жемқорлыққа қарсы идеяларын ұсынды

«SANALY URPAQ»: Ақтауда студенттер жемқорлыққа қарсы идеяларын ұсынды

Ақтауда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «SANALY URPAQ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ауқымды шараны облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығы ұйымдастырды. Слетке өңірдің 25 колледжінен 12 команда қатысты.


Іс-шара аясында қатысушылар бірнеше кезең бойынша өзара бақ сынап, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін жан-жақты көрсетті.


Командалар алдын ала дайындалған үй тапсырмасы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта суреттерін ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар өз командаларын қойылым, ән және бейнероликтер арқылы таныстырды.


Бұдан бөлек, студенттер арнайы макеттер әзірлеп, идеясын көпшілікке ұсынды. Ал жағдаяттық сұрақтар кезеңінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қатысты түрлі жағдайларды талдап, өз ұстанымдары мен шешімдерін дәлелдеп шықты.


Қатысушылардың шығармашылық және инновациялық жобаларын Маңғыстау облысы Білім басқармасы, облыстық прокуратура, облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті, Әдеп жөніндегі кеңес, «Қоғамдық келісім» мекемесі мен «Тәлімгер» өңірлік әдістемелік орталығының өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады.


Айта кетейік, «SANALY URPAQ» студенттік клубтарының облыстық слеті 2023 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жоба студент жастар арасында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын дәріптейтін маңызды алаңға айналған.


Өткен жылы Атырау облысында өткен І республикалық слетте Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің командасы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, өңір намысын қорғаған болатын.

3
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!