Otpan News Logo

Мұнайлыда мектеп бітіруші түлектер ағаш егу челленжін бастады

|
29.04.2026 16:21
Мұнайлыда мектеп бітіруші түлектер ағаш егу челленжін бастады

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы саябақта «Түлектердің ағаш егу» эко-челленжі басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарлауынша, экологиялық бастаманың мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, өңірдегі жасыл желек аумағын кеңейту және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.


Челленджге Мұнайлы ауданындағы №10, №15, №19, №20 білім беру ұйымының мектеп бітіруші түлектері, сондай-ақ Бейнеу ауданы бойынша Қарақұм мектебі мен Бейнеу жалпы білім беретін мектебінің оқушылары белсене қатысты. Олар 150 ағаш екті. Оқушылар бұл эстафетаны аудандағы басқа білім беру ұйымдарына жолдады.


«Біздің мақсатымыз - әрбір оқушының өз өлкесіне деген жанашырлығын ояту. Бүгін егілген әрбір тал балалардың ертеңгі жасыл аймаққа, таза ауаға қосқан үлесі», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!