Otpan News Logo

Ақтауда полицейлер бекіре уылдырығына ұқсас заттың заңсыз айналымын анықтады

|
29.04.2026 13:22
Ақтауда полицейлер бекіре уылдырығына ұқсас заттың заңсыз айналымын анықтады

22 сәуірде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Бекіре-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасында Ақтау қаласының 16-шағын ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 26 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің жеке басына жүргізілген тінту барысында оның ұялы телефоны және екі дана пластикалық ыдысқа салынған бекіре тұқымдас балықтың уылдырығына ұқсас зат тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы - 1 келі 100 граммды.


- Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, - деді ПД.
73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!