Otpan News Logo

Маңғыстау облысында синтетикалық есірткіні жасырып кеткендердің жолы кесілді

Маңғыстау облысында синтетикалық есірткіні жасырып кеткендердің жолы кесілді
ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Түпқараған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Ақшұқыр ауылы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іс барысында синтетикалық есірткі заттарын заңсыз сақтау және жасырып кеткен күдікті екі азаматты ұсталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Тінту барысында күдіктілердің бірінен «мефедрон» синтетикалық есірткісі салынған 120 орама тәркіленді.


Уақытша тұрған жалдамалы пәтерге жүргізілген тінту кезінде 107 орама, бірнеше целлофан пакеттерге салынған синтетикалық есірткілер, электронды таразылар, изолента және көп мөлшерде қаптама материалдары табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 200 грамнан асты.


Анықталғандай, күдіктілер Маңғыстау облысына басқа өңірден келіп, интернет-мессенджер арқылы есірткі дүкенін ұйымдастырушының жетекшілігімен есірткі таратумен айналысқан.


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.


Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!