Otpan News Logo

Ақтау 2030 жылға арналған ЭЫҰ-ның туристік астанасы атағына жалғыз үміткер ретінде ұсынылды

|
29.04.2026 10:41
Ақтау 2030 жылға арналған ЭЫҰ-ның туристік астанасы атағына жалғыз үміткер ретінде ұсынылды

Қазақстанның Ақтау қаласы 2030 жылы Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) аясындағы туристік астана атағына жалғыз кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты kazinform.kz-ке сілтеме жасап.


27-29 сәуір күндері Әзербайжанның Шуша қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Туризм министрлерінің отырысы өтіп жатыр. Осы жиында туризм жөніндегі жоғары деңгейдегі сарапшылар тобының 9-шы отырысында айтылды.


Жиында мамандар Ақтаудың жалғыз үміткер екенін атап, Қазақстанның осы бағыттағы жұмысына сәттілік тіледі.


Ақтау – Каспий теңізінің жағалауында орналасқан бірегей қала. Сондықтан мұнда жағажай, экологиялық және іскерлік туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар.

69
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!