Otpan News Logo

Сенат депутаттары өңірдегі инфрақұрылымдық жобалармен танысты

|
07.01.2026 11:35
Сенат депутаттары өңірдегі инфрақұрылымдық жобалармен танысты
otpannews.kz

Маңғыстау облысынан сайланған Парламент Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров өңірдегі жұмыс сапары аясында Түпқараған ауданына барды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Депутаттар бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, Ақшұқыр ауылындағы 8 құдық ауыз су тазарту станциясының жұмысымен танысып қайтты. Нысанның қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері талқыланып, жауапты тұлғаларға нақты ұсыныстар енгізу қажеттігі айтылды. Сенат депутаттары көтерілген мәселелер бақылауда болатынын атады.

 

Бұдан бөлек, Сайын Шапағатов ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Алека» ЖШС су тұщыту зауытына барды. Мұнда атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылып, өндірістік қуаттылық туралы ақпарат берілді. Қазіргі таңда қыс мезгілінде зауыт тәулігіне 2 500 текше метр ауыз су өндіруде. Ал нысанның жобалық қуаттылығы 6 500 текше метрді құрайды.

 

Сонымен қатар, аудан әкімі Ержан Күмісқалиев Сенат депутаттарына ауданда жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

 

 

63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!