Otpan News Logo

«Келешек мектептерінің» спорт нысандары Маңғыстау тұрғындары үшін қолжетімді болды

|
07.01.2026 11:42
«Келешек мектептерінің» спорт нысандары Маңғыстау тұрғындары үшін қолжетімді болды

Маңғыстау облысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың дене шынықтырумен айналысуы үшін мектептердің спорттық инфрақұрылымына қолжетімділік қамтамасыз етілді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің спорт стадиондары мен спорт залдары халық үшін ашық. Қазіргі таңда өңірде заманауи спорттық инфрақұрылыммен жабдықталған 13 «Келешек мектебі» жұмыс істеп тұр.


«Келешек мектептерінің стадиондары мен спорт залдары тұрғындар үшін ашық болуға тиіс. Кешкі уақытта халық жүгіріп, балалар футбол ойнап, жастар спортпен айналыссын. Бұл нысандар ел игілігі үшін салынды және халыққа қызмет етуі керек», – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.


Бүгінде жобаға кіретін мектептердің аумағында тұрғындар мен жастар жүгірумен айналысып, спорттық құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік алып отыр.


Аталған бастама бұқаралық спортты дамытуға, халықтың дене белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.


Егер «Келешек мектептері» жобасы аясындағы мектептердің спорт нысандарына қолжетімділік шектелген жағдайда, Маңғыстау облысының білім басқармасына хабарласуыңызға болады.

55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!