Otpan News Logo

Парижден келген турист Бозжырада сүйіктісіне ұсыныс жасады

Парижден келген турист Бозжырада сүйіктісіне ұсыныс жасады

АҚТАУ.OTPANNEWS.KZ - Романтикалық сәтті Берік Дәуенов дронмен түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 


Ерекше сәттің видеосы желі қолданушыларының жылы лебізіне ие болып, Маңғыстаудың сұлулығын тағы бір мәрте паш етті.


«Париж – романтиканың қаласы. Ал Бозжыра – махаббатқа “иә” деп айтылатын мекенге айналып келеді. Парижден келген қос ғашықтың өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі дәл осы жерде өтті. Жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасап, сақинасын тақты», – деп жазды ол.


Соңғы жылдары Маңғыстаудың табиғи сұлулығы шетелдіктердің назарын ерекше аударуда. Парижден келген туристердің өмірдегі ең маңызды қадамды жасау үшін Бозжыраны таңдауы – өлкеміздің әлемдік деңгейдегі романтикалық туризм бағытына айналып келе жатқанын айқын көрсетеді.

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!